Негізгі


Бүгінгі күні 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығы республика бойынша жоғары деңгейде мерекеленуде.

Сыр бойының халқы бұл сұрапыл соғыстағы жеңіске өзінің үлкен үлесін қосты. Отанды қорғауға Сыр елінен 150 мың адам соғысқа аттанса, оның 31 мыңнан астамы елге оралмады.

Осы іс-шара жоспары шеңберінде Қызылорда облысы әкімдігінің бастамасымен өңір ардагерлерінің деректер қоры қалыптастырылып, осы веб-сайтқа енгізіліп отыр.

Мұнда Сіздер Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестердің аты-жөнін таба аласыздар. Егер деректер қорынан Өзіңіз іздеген туыстарыңыздың деректері табылмаған жағдайда, жауапты қызметкерлерге хабарласып, қажетті ақпараттар енгізуге мүмкіншіліктеріңіз бар екендігін назарларыңызға жеткіземіз.